Конституциялық реформа – саяси реформалар бағдарламасын іске асырудағы маңызды қадам

11 Мамыр 2022, 13:26 2947

Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында баспасөз маслихаты өтті.

Биылғы жылы Қазақстан өзінің жаңаша тарихында жаңа кезең парағын ашты. Наурыз айында жария етілген мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген кешенді іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілу туралы заң жобасы әзірленді. Заң жобасы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған болатын. 5 маусымда республикалық референдум өтпек.

– Заң жобасында қарастырылған түзетулер жаңа, әділетті Қазақстанды жалпы мемлекеттік құндылықтарды қайта форматтауға бағытталып, республиканың саяси-құқықтық негізін қалайтын болады. Бұл заңда көзделген жаңалықтарды бірнеше топқа бөліп қарастырған жөн. Күшті президент, ықпалды парламент, есеп беретін үкімет қағидасының аясында өкілді мемлекет билік органдарының мәртебесі, өкілеттіліктері күшейтілмек – деді Конституциялық кеңестің аппарат басшысы, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныстар дайындау бойынша жұмыс тобының мүшесі Нұрмұханов Бақыт Маратұлы.

Сонымен қатар Бақыт Маратұлы сенаттағы депутаттардың саны қысқартылып, Қазақстан халқы ассамблеясының квотасы мәжілістен сенатқа ауыстырылатындығын айтты.

–  Ассамблеядан тағайындалатын бес депутат жалпы мемлекеттік мүдделермен қатар, Қазақстандағы тұратын 100-ден аса халықтардың мүдделері мен құқықтарын білдіретін болады,– деді Конституциялық кеңестің аппарат басшысы.

 


Акжан Ибрагимова
Бөлісу: