Конькимен жүгіруден әлем кубогы: Надежда Морозова күміс жүлдегер атанды

11 Желтоқсан 2022, 15:05 1519

Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогы өтуде

Бүгін Надежда Морозова Канаданың Калгари қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден әлем кубогының 3-кезеңінде 1500 метрде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы бұл қашықтықты 1:52.823 секундта жүгіріп өтті. Ал бәрінен жылдам бағындырған жапон Михи Такаги (1:52.549). Қола жүлде нидерландтық Антуанетта Рийпма-де Йонгке бұйырды. Осы сайыста бақ сынаған қазақстандық Екатерина Аидова 15-сатыға тұрақтады.

Кеше 1500 метрге (А дивизион) жарыста ерлер арасында Дмитрий Морозов 17-ші орыннан көрінсе, 500 метрлік сында (А дивизион) Екатерина Аидова 13-ші, Алина Дауранова 18-сатыға жайғасқан.

Ертең Әлем Кубогы кезеңінің соңғы күні спортшылар 1000 метр мен масс-стартта жарысады.

EL.KZ
Бөлісу: