Көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген экс-әкім бостандыққа шықты

7 Қараша, 11:27 952

Экс-шенеуніктің нақты жазасы шартты жазаға 2024 жылғы сәуірде ауыстырылған, алайда бұл туралы қазір ғана белгілі болып отыр. Бұл туралы mgorod.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

БҚО-ның Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев өтелмеген жазаны шартты мерзімге ауыстыру туралы өтініш берген. Серікқалиев сот тағайындаған 11 жылдың 8 жылын түрмеде өткізген. Оның мерзімі 2027 жылғы 14 наурызда аяқталуы тиіс еді.

Сот мәліметінше, жазасын өтеу кезінде Серңкқалиев ереже бұзбай, іс-шараларға белсене қатысқан.

Естеріңізде болса, 2016 жылғы 23 ақпанда Теректі ауданының көңілдесіне екі адам шабуыл жасап, көптеген пышақ жарақатын келтірген. Әйел тірі қалып, Теректі ауданының ТКШ бастығының жүргізушісін танып қойған. Сот отырысы барысында әкім Жеңіс Серікқалиев өзінің досы – ТКШ бастығы Қожамұратовтан көңілдесін өлтіруді сұраған. Өйткені екеуінің ортақ қызы болғандықтан, әйел оны бопсалаумен айналысқан. Өз кезегінде Қожамұратов бұл тапсырманы өзінің жүргізушісіне жүктеп, оған 500 мың теңге берген.

Теректі ауданының бұрынғы әкімі мен оның сыбайластарына қатысты сот шешімі 2016 жылғы 1 қыркүйекте шығарылды. Оларға 10 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: