Конгода толассыз жауған нөсер 176 адамның өмірін жалмады

6 Мамыр 2023, 11:22 1214

Конго Демократиялық Республикасының шОңтүстік Киву провинциясында су басу салдарынан қаза болғандар саны 176 адамға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Анадолы ақпарат агенттігінің жазуынша, провинция губернаторы Тео Нгвабидже Каси тасқын судан ажал құшқандар туралы мәлімдеген.  

Елдің Бушушу және Ньямукуби ауылдарында толассыз жауған нөсерден Чибира өзенінің су көтеріліп, арнасынан асып кетті. Қазіргі уақытта аумақ тұрғындарының дені із-түзсіз жоғалғандар тізіміне енген. Төтенше жағдай жарияланып, қазір із-түссіз кеткендерді іздестіру жұмыстары жалғасып жатқаны айтылды.

Бұған дейін КДР-де нөсер салдарынан 72 адамның бақилық болғаны анықталды. Африка құрлығындағы тропикалық климат белдеуінде орналасқан Конго Демократиялық Республикасында жылда жауын маусымында үнемі адам шығыны тіркеледі.  

Асқар Таудай
Бөлісу: