Конго Республикасын Африка құрлығындағы маңызды серіктес ретінде қарастырамыз – Тоқаев

2 Тамыз, 12:06 913

Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессомен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сіздің қазақ еліне алғашқы сапарыңыз екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл жолда біз өзара сенім мен достыққа негізделген ынтымақтастық орнаттық. Біз болашақта да осы серіктестікті нығайта түскіміз келеді. Бүгінгі келіссөздер Қазақстан мен Конго қатынастарын жаңа белеске көтеріп, тиімді әріптестік орнатуға мүмкіндік бермек. Біз Конго Республикасын Африка құрлығындағы маңызды серіктес ретінде қарастырамыз, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы екі ел бір-бірінен қашықта орналасқанын, соған қарамастан өзара байланысты жан-жақты дамытуға мүдделі екенін айтты.

Қазақстан мен Конго ынтымақтастығының әлеуеті өте жоғары. Әсіресе сауда-экономика, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, тау-кен, өндіріс пен инвестиция жаңа технологиялар мен ғарышты игеру бағыттары бойынша екі ел өзара байланысуы керек. Бүгін қол қойылатын құжаттар екі ел арасында жаңа импульсивтілікті қалыптастырады. Оған дәлел ретінде біз Конго Республикасында елші тағайындаймыз. Елші екі ел арасындағы саяси делдал болады. Сіздің Қазақстанға сапарыңыз мағыналы екенін білеміз. Сіз өндіріс орындарын аралап, үлкен орталықтардың жұмыстарымен танысатын боласыз. Барлық келісімдер біздің әріптестігімізді нығайтатынына сенемін. Сіздің Қазақстанға келген сапарыңызға сәттілік тілеймін, - деді президент.

Бұған дейін Қазақстанға ресми сапармен келген Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессоны «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Миражан Махан
Бөлісу: