Конго маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакциналарды алды

6 Қыркүйек, 10:43 1205

Конго Республикасы маймыл шешегіне қарсы екпелерді алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайдың ортасында тұрған Конго Демократиялық Республикасы 5 қыркүйекте вирусқа қарсы 99 мың вакцинаның бірінші партиясын алды. 101 мың дана екпенің екінші партиясы сенбі, 7 қыркүйекке күтілуде.

Конго Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазан айының басында медицина қызметкерлеріне және расталған жағдайлармен тығыз байланыста болған адамдарға вакцина салу басталады.

Айта кетейік, маймыл шешегінен зардап шеккен Африка елдері әлі де вакцинаны күтіп отыр. Инфекция Африканың 13-тен астам еліндегі балалар мен ересектер арасында расталды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: