Композитор Теміржан Базарбаевтың туғанына 90 жыл толды

Бүгiн, 09:56 201

Әр қазақтың жүрегінен орын алған дәл осы әннің авторы Теміржан Базарбаевтың туғанына 90 жыл толды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Композитор 1935 жылы бүгінгі Жетісу облысы Алакөл ауданында дүниеге келген. Әке-шешесінен ерте жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленген. Кейін ел ішінен таланттарды іздеп жүрген Нұрғиса Тілендиев бастаған топ балалар үйіне барып, өнерлерін тамашалайды. Ішінен Теміржан Базарбаевқа көзі түсіп, «Алматыға барамыз, арнайы музыка мектебінде оқисың» деп алып кеткен екен.

Дарынды композитор симфониялық оркестрге арнап «Тор жорға», «Ботагөз», «Жетісу» симфониялық поэмалары, труба мен оркестрге арнап «Отан», «Қалың елім қазағым» әндерін жазған.

Камералық-аспаптық, эстрадалық «Мерекелік увертюрасы», «Жыл мезгілі» атты тақырыпта жазылған циклы, «Ботагөз» атты симфониясы да дарын иесінің қаламынан туған сәтті туындылар. Солардың ішінде «Ауылым», «Тамаша», «Қаздар қайтқанда», «Студенттік кештер», «Атың кім қалқа» әндері бар қазаққа танымал.

Теміржан Базарбаев ғұмырында 200-ге жуық ән, симфония мен хорлар жазып, өз қолтаңбасын қалыптастырып кетті.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: