Қазақстан футбол федерациясының кеңесшісі қызметін атқарып келген белгілі комментатор Ермұхамед Мәулен Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы қызметіне ауысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спорт журналисті бұған дейін де ҚФФ-да жұмыс атқарған еді. Нақтырақ айтсақ, Ермұхамед 2021 жылы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметін басқарды. Ал 2022-2024 жылдары ҚФФ президенті кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Ол 2014 Бразилияда өткен мундиальда қазақ телевизиясы тарихында алғаш рет оқиға орнынан трансляция жүргізген.
2017-2018 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің спорт бөлімінің меңгерушісі, ал 2019 жылы «Хабар» агенттігінің спорт бөлімінің продюсері болды.
2020 жылы «Qazsport» телеарнасында арнайы жобалар редакторы қызметін атқарған.