Колумбияда жойқын жер сілкінісі болды

31 Шілде 2023, 02:19 693

Колумбия жағалауында магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Анадолы таратқан мәліметке сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Монтерия қаласынан солтүстік-батысқа қарай 84 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі – 56 шақырым.

Құрбан болғандар мен қирау туралы ақпарат түскен жоқ.

Берік Арманов
Бөлісу: