Колледждердің 100 үздік студенті елдің ірі кәсіпорындарына жұмысқа орналасады

8 Желтоқсан 2022, 22:40 887

«Колледждердің ТОП-100 студенті» байқауының қорытындысы шықты

Елордада «Еліміздегі колледждердің ТОП-100 студенті» республикалық байқауы аяқталды, деп хабарлайды El.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Жоба жеңімпаздары еліміздің ірі кәсіпорындарында жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Мемлекеттің техникалық және кәсіптік білім беруге ерекше назар аударып отырғанын атап өткім келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Тегін техникалық және кәсіптік білім беру» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жақын арада біз оқуға түскісі келетіндердің барлығын сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін ТжКБ-мен 100% қамтуды жоспарлап отырмыз, - деді жеңімпаздарды марапаттау салтанатында сөз алған Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Колледждердің «ТОП-100» студентін қазақстандықтар 2022 жылғы 1 қараша мен 15 қараша аралығында өткен онлайн дауыс беру арқылы анықтады.

EL.KZ
Бөлісу: