Көлікті өрттен қалай қорғау керек? ТЖМ жауап берді

18 Тамыз, 22:12 498

ТЖМ жүргізушілерге көлікті өрттен қорғау жолдарын еске салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ автокөлікті өрттен қорғау үшін көлік иелеріне мынадай шарттарды орындау қажет екенін еске салады:

техникалық байқаудан уақытында өту;

электрониканы тек мамандандырылған орталықтарда орнату;

әрқашан жарамды өрт сөндіргішті көлік салонында ұстау;

қозғалтқыштың отын аппаратурасының жарамдылығын бақылау;

көлікте бөгде, тез тұтанатын заттарды ұстамау;

жанар-жағармай материалдарын тек герметикалық ыдыстарда тасымалдау.

Зарина Арман
Бөлісу: