«Көлік жыраға құлап кеткен». Павлодар облысы әкімінің орынбасары жол апатына түсті

10 Қаңтар, 12:05 1060

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Батырғұжинов жол апатына түсті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

kerek.pv Telegram арнасы мәліметінше, Батырғұжинов құтқарушыларға қатысты жазатайым оқиғаның себептерін тергеу жөніндегі комиссия құрамында болған ол Майқайыңнан Павлодарға келе жатқан. Батырғұжинов отырған көлік жыраға құлап кеткен.

Бұл ақпаратты Павлодар облысының әкімдігі өкілдері растады.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Батырғұжинов жол апатына ұшырады. Жол апатына басқа көліктер қатысқан жоқ. Орынбасардың көлігі жыраға түсіп кетті, - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Әкім орынбасары аздаған жарақат алып, медициналық көмекке жүгінді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: