Көлік жуу маңында өрт шығып, үш газ баллоны жанып кетті

Бүгiн, 03:36 113

Павлодарда көлік жуу орны маңында өрт шықты. Оқиға бүгін 6 ақпан түнгі уақытта Бекмаханов көшесі бойында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Белгілі болғандай ондағы жылытқыш жанып, көлемі 50 литрлік үш газ баллоны лаулап жанған. Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер, құтқарушылар және  ТЖМ АМО бригадасы жетті.

Төтеншеліктер газ баллондарын шығарып, дер кезінде жарылыстың алдын алды. 10 шаршы метр алаңдағы өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: