2023 жылғы 1 сәуірде Қазақстанда Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Енді айыппұл төлеу қажеттігі туралы хабарлама жүргізушінің eGov.kz порталындағы жеке кабинетіне және телефон нөміріне жіберіледі. Осыдан кейін айыппұлды төлеу туралы бұйрық жеткізілді деп есептелед, деп хабарлайды El.kz акпарат агенттігі Kolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір жүргізушілер атында айыппұлдың бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан және кей банк қосымшаларынан тексере алады.