​Көлік министрлігінің қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты

27 Сәуір, 19:34 607

ҚР Көлік министрлігінің қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысып, қоршаған ортаны сақтауға өз үлестерін қосты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тазалық акциясына ведомствоның басшыларынан бастап, тұтастай барлық комитет пен департаменттің қызметкерлері қалыс қалмай қатысты. Мәселен, министрлік өкілдері елорданың көрікті жерлерінің біріне айналған ботаникалық саябақтың аймағын тұрмыстық және өзге де қалдықтардан тазалап, астаналықтардың жиі серуендеп тынығатын қоғамдық орынды көркейтуге атсалысты.

Бұл орайда Көлік министрлігінің ұжымы бас шаһардың тұрғындары мен қала қонақтарын қоғамдық жерлерде тұрмыстық қалдықтарды қалдырмай, тазалықты барынша сақтауға шақырды. Тұтастай алғанда, ведомствоның қызметкерлері экологиялық іс-шараларға жиі қатысып, еліміздің табиғатын сақтауға өз үлестерін қосып жүргенін айта кеткен орынды.

Перизат Саденова
Бөлісу: