Көлік капотына мініп сырғанаған қыз көз жұмды

8 Қаңтар, 10:44 1370

Батыс Қазақстан облысының Ветелки ауылында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Кәмелет жасқа толмаған жасөспірім көлікке ескі көлік капотын тіркеп, қызды сарғанатқан. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 жастағы қыздың ауруханаға жеткізілгенмен, есін жимастан қайтыс болды.

Полицейлер қыз бен оның достары көлікке ескі капотты жалғап, үстіне мініп сырғанағанын анықтады. Сырғанап бара жатқан кезінде қыз газ тірегіне соғылған. Жүргізуші куәлігі жоқ жасөспірім Абай көшесінде жол ережесін сақтамай, «ВАЗ-2107» автокөлігіне капотты тіркеген, – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті.

Полицейлер Орал қалалық ішкі істер бөліміне екі көліктің жеткізілген. Олар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: