Қол жууға қатысты ғалымдар жоққа шығарған 3 аңыз

12 Шілде 2017, 18:00 8704

Естімеген елде көп...

Бактерияға қарсы сұйық гель мен сабынның сондай-ақ жылы судың пайдасы, қолдың тазалығы туралы танымал үш аңызды жаңа зерттеудің нәтижесі жоққа шығарып отыр.

Қолды суық судан гөрі жылы сумен жуған пайдалы

Шын мәнінде судың температурасында тұрған ештеңе жоқ. Мұндай шешімді Ратгер университетінің ғалымдары ұсынып отыр. Алты айға жуық зерттеу жұмысына қатысқан ғалымдар қолдарын температурасы әртүрлі  16, 26 и 38 °C. суға жуған. Нәтижесінде: салқын және жылы суға қолды сабындап жуғанда бактериялар бірдей мөлшерде жойылған. Сол себепті, жылы су өшіп қалған жағдайда қолыңыздың гигиенасы туралы мәселеге бас қатырмасаңыз болады.

 

Антисептикалық сұйықтық сабынды алмастыра алады

Антисептиктер шын мәнінде көп мөлшердегі зиянды бактерияларды жоя алса да, сапа жағынан толықтай сабынды алмастыра алмайды. Себебі, гель теріні химиялық кірден тазарта алмайды.

Ең тиімдісі – бактерияға қарсы сабын

Сабынның қандай типін пайдалансаңыз да қолдың тазалығына еш зиянын тигізбейді. Сабынның бактерияға қарсы сорты сапа жағынан қалыпты сабыннан артық та, кем де емес. Бастысы қолды мұқият әрі асықпай 10 секундтан асатын уақыт жуу.  

Бөлісу: