Көктемнің алғашқы күндері ауа райы қандай болады?

28 Ақпан, 16:49 4662

«Қазгидромет» Қазақстанда 29 ақпан мен 3 наурызда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклон ықпалында болатынына және ауа райының жауын-шашынсыз болуына қарамастан, екі циклон елдің оңтүстігі мен солтүстігіне әсер етіп, жауын-шашынды, желдің күшеюін және теріс температуралық фон сақтайды.

Тек Қазақстанның батысында күндіз термометр 10 градусқа дейін көтеріледі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: