Көктемгі тасқын кезінде су қоймаларын толтыру көзделуде

30 Наурыз, 06:38 900

Көктемгі су тасу кезеңінде Су ресурстары және ирригация министрлігі су қоймаларына тасқын суын жинауды көзделіп отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ол үшін алдын ала республикалық меншіктегі барлық су қоймаларында тасқын суын қабылдау үшін бос орын дайындалды. Қазіргі уақытта барлық су қоймалары су жинау тәртібінде жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде: 

- Еліміздің солтүстігінде ірі су қоймалары орта есеппен 68%-ға толды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға артық;

- Оңтүстікте бұл көрсеткіш 80%-ды құрайды;

- Батыста, орта есеппен су жинау көрсеткіші 71%, бұл былтырғыға қарағанда 6%-ға көп;

- Шығыстағы су қоймалары орта есеппен 60%-ға толы, бұл бір жыл бұрынғыдан 9%-ға артық;

- Орталық Қазақстанда бұл көрсеткіш 66%-ды құрайды.

Перизат Саденова
Бөлісу: