Атырау облысында өңірдегі су тасқынының алдын алу мәселесі бойынша басқосуда «Қазгидромет» Атырау филиалының директоры Салауат Төленов Ресейден үлкен көлемде су келуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыста 12 гидробекет күнделікті су деңгейін өлшеп, тұрақты бақылау жүргізуде. Аймақ әкімі өңірдегі су деңгейін тек шекті межемен емес, келіп жатқан судың нақты көлемімен өлшеу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ Ақтөбе және БҚО шекараларында қосымша гидробекеттер ашу, су басу қаупі жоғары 51 елді мекенде маусымдық бақылау жүйесін енгізу тапсырылған.
Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Жаңабаев тасқынға қарсы шаралардың жалғасып жатқанын хабарлады. Жайық өзені бойында 590 км бөгет, 20 км канал, 121 км түп тереңдету жұмыстары жүргізілген. 1510 адам, 244 техника, жүзу құралдары мен тікұшақтар дайын тұр. Бұл ретте келесі мәселелерді жүзеге асыру міндеті бар: