Көктемгі дала жұмыстарына дизель отынының құны тұрақты болады – энергетика министрі

26 Наурыз, 11:08 566

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев көктемгі егіс жұмыстары шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, биылғы 22 қаңтарда Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері 2024 жылғы 1 ақпан-30 маусым аралығында осы жылғы көктемгі дала жұмыстарына 340,3 мың тонна дизель отынын жеткізу бойынша кестені бекіткен.

2023 жылдан бері баға өзгерген жоқ. Барлық 20 өңірдегі межелі станцияда ҚҚС-пен литріне 250 теңге және АЖҚС бөлшек сауда бағасынан литріне 45 теңгеге арзан немесе 15 пайызға төмен. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер атына тиеп-жөнелту басым негізде жүзеге асырылады және тұрақты бақылауда болады, – деді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: