Үкімет көктемде су алу қаупі бар өңірлерде қауіптің алдын алуды бастап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов 607 елді мекенде қауіп азайғанын айтты.
455 мыңнан астам халық тұратын 100 мыңнан астам тұрғын үй орналасқан, 607 елді мекенде қауіпті азайтуға және 214 елді мекенде қауіпті жою жұмыстары іске асырылды. Қазіргі уақытта өңірлерде дайындық жұмыстары жүргізілуде. Биыл өңірлерде 25 шақырым уақытша бөгендер мен 57 шақырым қорғаныш білігі тұрғызылды, шамамен 5 мың шақырым каналдар мен 6 мың шақырым арықтар, 15 мың автомобиль және 3 мыңнан астам шақырым теміржол су өткізу құрылыстары тазартылды, - деді Сырым Шәріпханов.
Оқи отырыңыз:
Су тасқыны қаупі бар елді мекендердің тізбесіне 24 өңір қосылып, 1 072 өңірді құрағанын айтты.
Биыл Батыс Қазақстан облысында 210 тұрғын үй, Ақтөбе облысында – 89 тұрғын үй, Қостанай облысында 44 тұрғын үй су астында қалды. Бұл ретте Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында 46 тұрғын үй тұруға жарамсыз деп танылды. Нәтижесінде Ақтөбе облысының әкімдігі 24 үй тұғызса, Батыс Қазақстан облысында 16 үй салынды. Жалпы 1,3 млрд теңге жұмсалды, - деді төтенше жағдайлар министрі.