«Koktal Run»: Астанада көшелердің бір бөлігі жабылады

8 Қыркүйек 2023, 20:29 1000

9 қыркүйек «Koktal Run» жүгіру марафоны ұйымдастырылады. Осыған байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Марафон «Көктал» саябағынан бастау алады.


Астана әкімдігінің ресми сайты

Оның бағыты тас жолдың өтуіне байланысты осы жылдың 9 қыркүйегінде Бейбарыс Сұлтан көшесін Еңлік-Кебек көшесінен Шабал Бейсекова көшесіне дейін жауып, турникет орнатылады.

Сондай-ақ қоғамдық көліктердің қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында іс-шара кезінде маршруттық автобустардың уақытша айналма жолы қарастырылады.

Айта кетейік, іс-шараға жеңіл атлетиканы ұнататын әрбір тұрғын қатыса алады.

Жүгіру қашықтығы:

1. Балалар (16 жасқа дейінгі қыздар): 1 км;
2. Балалар (16 жасқа дейінгі ұлдар): 2 км;
3. Ересектер (жас шектеусіз): 5 км.

Марафонға тіркеу сағ. 08:00 басталады.

Марафон соңында балалар мен ересектер арасында 1-2-3 орындарға қатысушылар марапатталады. Марафон жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль және бағалы сыйлыққа ие болады.

Берік Арманов
Бөлісу: