Көкшетауда жылыту пешінің қазандығы жарылып, бір бала зардап шекті

17 Ақпан, 14:18 913

Көкшетауда жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылытатын пештің қазандығы жарылды. Оқиға 16 ақпан сағат 23.20-да болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, апат айналым сорғысының ақауы салдарынан болған. Абырой болған қазандықтың жарылуы өртке ұласпаған, конструкциясы бұзылмаған. Бұл оқиғаға өрт сөндіру қызметі шақырылмаған.

Қазандықтың жарылу салдарынан бір бала ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда оқиғаны себебі анықталуда.

Оқи отырыңыз: 

Жансая Әділбек
Бөлісу: