Көкшетауда жоғалған студент қыз табылды

5 Маусым, 16:00 705

Полицейлер мен еріктілер 1 маусымнан бері іздестіріп жатқан көкшетаулық 16 жастағы колледж студенті жатақханаға оралды. Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жоғалған қыз кеше, 4 маусымда кешкі сағат 22:30 шамасында жатақханаға оралған. Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайды анықтап жатыр.

Алдын ала болжам бойынша, қыз Астанада болған, - делінген хабарламада.

Полицейлер кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Қызға қатысты заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталды, алайда полиция бөлімшесі кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағу және тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін заңды өкілге қатысты әкімшілік хаттама толтырды, - деп жазылған хабарламада.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: