Көкшетауда жалдамалы пәтерде марихуана сақтаған ер адам ұсталды

14 Тамыз 2023, 10:48 851

Көкшетауда марихуана сақтады деген күдікпен Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Күдіктінің жалдамалы пәтерін тінту кезінде 1 кг астам марихуана тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінІң мәліметінше, 51 жастағы күдікті Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталды.

Күдікті - Жамбыл облысының тұрғыны, Көкшетауға құрылысқа жұмыс істеуге келгені анықталды. Оның жеке заттары мен жалдамалы пәтерін тінту кезінде 1 кг 100 гр кептірілген марихуана табылды. Күдікті марихуананы өзі қолдану үшін ала келгенін айтты. Қазіргі кезде күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - деді ПД.

Равиль Ашығали
Бөлісу: