Көкшетауда заңсыз салынған айыппұлдар анықталды

4 Қараша 2023, 14:49 804

Көкшетау көлік прокуратурасымен көліктік бақылау саласындағы уәкілетті органның қызметіне талдау нәтижелері бойынша әкімшілік істерді қарау барысында кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғандығы анықталды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап. 

Автожолдарда тиелген көлік құралының салмақтық параметрлерінің артуы анықталған кезде мемлекеттік орган дереу әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдайтыны белгілі.

Мұндай өндірістер бойынша дәлелдемелік базаның негізіне автокөлік құралдарының автоматтандырылған өлшеу құралдары арқылы өту кезіндегі деректері қолданылады, ал олар шамадан тыс жүктелген жағдайда көлік бақылау органдарына нақты уақыт режимінде хабарламалар жіберіледі (мұндай құралдарды қолдану заңнамамен нақты реттелген).

Көлік прокуратурасы көлік құралдарының көлемін өлшеу кезінде қателіктердің дұрыс есептелмегенін анықтады, бұл өз кезегінде, әкімшілік істер бойынша қабылданған шешімдердің күшін жоюға әкелді. Мәселен, «Челябинск-Қостанай-Алматы» автожолының №41348472 (Атбасар қ. жанында) 1007 км өлшегіш құралына сараптама және сертификаттау орталығы тексеру туралы сертификат берді, оған сәйкес ол жарамды деп танылып жол төсемінің III сыныбы бойынша 4% қателік шегімен сәйкестік дәрежесін қолдануға рұқсат етілген.

Ал аталған кластағы автожолдар бойынша жабдықтың техникалық паспорты бойынша қателікті есептеу кезінде 14% мәні қолданылады. Осыған байланысты прокуратураның қадағалау актісі бойынша Ақмола облысының Көліктік бақылау инспекциясының кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы сомасы 1,6 млн теңгеге айыппұл салған әкімшілік құқық бұзушылықтарға тарту туралы 7 қаулысы заңсыз деп танылды. Қазір көлік прокурорлары осындай жұмыстарды басқа да өңірлерде жүргізіп жатыр. 

Асқар Таудай
Бөлісу: