Көкшетауда ұры бейнебақылау камераларына түсіп қалды

26 Қыркүйек 2023, 19:09 716

Көкшетауда ұры дүкеннің терезесін бұзған, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Түнгі уақытта белгісіз адам дүкеннің терезесін бұзып, үй-жайға кіріп, 53 дана көлемінде электрондық темекі мен ақша ұрлап кеткен.

ҚР ІІМ мәліметінше, шығын сомасы - 500 000 теңге.

ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді басталды.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары қолдың 26 ізін, аяқ киімнің бір ізін анықтады, сонымен қатар бейнебақылау камераларынан жазбалар қаралды. Дүкен арнайы бақылауда болуы керек болса да, ол дабылмен жабдықталмаған, - делінген мәліметте.

41 жастағы жергілікті тұрғын анықталды. Ер адамның айтуынша, ол мас болған және не істеп жатқанын түсінбеген. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Берік Арманов
Бөлісу: