Көкшетауда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты республикалық форумы өтті

Бүгiн, 06:29 143

Көкшетауда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты республикалық форумы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс орталығындағы Достық үйінде «Мемлекеттік тіл - этносаралдық қатынас тілі» жобасын іске асыру аясында этностар арасында мемлекеттік тілді насихаттауға және дамытуға бағытталған «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық форумы өтті.

Форум спикерлері қазақ тілін меңгерудің үздік тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара соңында форумға қатысушылар үшін Көкшетау қаласының көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.

Зарина Арман
Бөлісу: