ТЖМ қызметкерлері Көкшетау қаласындағы жеке тұрғын үйден шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс орталығында төтенше оқиға болған сәтте бірден шақыру орнына келген өрт сөндірушілер 40 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірген. Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта аталған өрттің себебі анықталып жатыр.
Бұл ретте ТЖМ һрт болған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шылуды қаперге салады.