Көкшетауда тұрғын үй өртеніп, газ баллоны жарылуға шақ қалды

14 Наурыз, 02:05 868

Көкшетауда аумағы 180 шаршы метрлік жеке тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға Красный яр ауылында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт туралы хабар аласымен ТЖД 15 құтқарушысы мен 3 техникасы оқиға орнына дереу жетті.

Құтқарушылардың жедел іс-қимылдардың арқасында өрт шыққан үйден 3 тұрмыстық газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. Қызыл жалын толығымен жойылды.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.

Оқи отырыңыз: 

Перизат Саденова
Бөлісу: