Көкшетауда суға батқан әйелді құтқарушылар аман алып қалды

7 Шілде, 22:45 651

Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары қызметкері Ақмола облысында суға батып бара жатқан әйелді аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көкшетау қаласында Қопа өзенінде патрульдеу барысында жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Мұса Қарбай суға батып бара жатқан 40 жастағы әйелді судан алып шықты.

Қазіргі уақытта құтқарылған әйел адамнын жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес. ТЖМ ел аумағындағы барлық азаматтарға суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады.

Перизат Саденова
Бөлісу: