Көкшетауда су тасқынынан зардап шеккендердің барлығы үймен қамтамасыз етілді

6 Шілде, 03:34 1038

Көкшетауда су тасқыны салдарын жоюға және зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған белсенді жұмыстар жалғасуда. Бүгінде қалада су тасқынынан зардап шеккендер тұрғындардың барлығы тұрғын үймен қамтамасыз етіліп отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, соңғы екі айда 90-ға жуық отбасы жаңа пәтер алды. Ал елорда күні қарсаңында Көкшетауда су тасқынынан зардап шеккен 7 отбасына кілт табыстау салтанатты рәсімі өтті. Көпбалалы 26  ана да жаңа тұрғын үйдің иегері атанды.

Көкшетауда су тасқынынан зардап шеккен барлық отбасылар тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Әр отбасы пәтерді өзі таңдады. Қысқа мерзім ішінде үлкен жұмыс атқарылды. «Асар Ақмола» қоғамдық қорына, еріктілерге, қоғам қайраткерлеріне, депутаттық корпус пен БАҚ-тарға көмек көрсеткені үшін алғыс айтамыз, - деді облыс әкімі Марат Ахметжанов.

Мүлікті өтеумен қатар, оларды қауіпсіз аймақтарға көшіру бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін Атбасар қаласында екі 100 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, тағы бір 100 пәтерлі үйдің құрылысы басталды. Сонымен қатар Бұланды, Жарқайың және Есіл аудандарында жеті жеке үй салынуда. Бұланды ауданында тағы 58 үйдің құрылысы осы айда басталады.

Жаңа қоныстанушылардың бірі – Леонид Андреев. Ол қуанышты эмоциясы мен сезімін жасыра алмады.

Менің отбасым жалғыз баспанасынан айырылған кезде, олар одан әрі қалай өмір сүру керектігін қатты уайымдады. Алайда олар өмірден қымбат ештеңе жоқ екенін түсіне білді. Біз жаңа тұрғын үйді көрдік, бәрі ұнайды. Біз Президентімізге, облыс басшылығына өте ризамыз, - деді Леонид Андреев.

Перизат Саденова
Бөлісу: