Көкшетауда құтқарушылардың балаларына арналған жекпе-жек секциясы ашылды

19 Қыркүйек, 20:38 571

Көкшетауда құтқарушылардың балаларына арналған "BATYR TEAM kids” деп аталатын жекпе-жек секциясы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы ТЖД бастамасымен 2-МСӨБ базасында жекпе-жек клубы жұмыс істейтін болады. Ашылу салтанаты барысында секция өңірдегі спорттың дамуына жаңа серпін беретіні атап өтілді. Жаттығу тегін жүргізіледі. Мұнда қоян-қолтық ұрысы техникасы, өзін-өзі қорғау дағдылары үйретіледі, сонымен қатар сабақ бағдарламасында бокс, кикбоксинг және күрес бар.

Спорттық клубтың ашылуына облыс басшылығы, Ақмола облысының "Жекпе-жек өнері" қауымдастығы және Ақмола облысының "Қоян-қолтық ұрысы федерациясы” қолдау көрсеткен.

Еске салсақ, осыдан бір ай бұрын ТЖ министрі Шыңғыс Ариновтың бастамасымен облыста “BATYR TEAM” клубының филиалы құрылған болатын. Бүгінде онда департамент қызметкерлері қоян-қолтық ұрысы бойынша жаттығып жүр.

 

Перизат Саденова
Бөлісу: