Көкшетауда Қопа көлінен оқу-жаттығуға арналған мина табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, бұл туралы 23 наурызда Көкшетау қалалық ПБ-не Қопа көлінде балық аулап жүрген балықшылар хабарлап айтқан.
Жергілікті полицияға балықшылар хабарласып, Қопа көлінде ТМ-62 минасы табылғанын айтты. Тексеріс барысында аталмыш минаның әскери емес, оқу-жаттығуға арналғаны анықталды, - деді ведомстводан.