Көкшетауда есірткіні жасырын салушы ұсталды

10 Ақпан, 07:00 1014

«Тосқауыл» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Көкшетау полиция қызметкерлері 28 жастағы азаматты ұстады, оның құрамында ерекше иісіпен сұр түсті заты бар 8 полиэтилен байламы табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, жүргізілген сараптама тәркіленген есірткі затының экстази екенін көрсетті.

Жедел уәкілдер атап өткендей, бұл экстазидің Көкшетау аумағында таралуының екінші фактісі, өйткені бұрын осы түрдегі есірткі Ақмола өңіріне түспеген.

Ал ұсталған адам есірткіні жасырын қойып кетумен бір айға жуық уақыт айналысып келген.

Полицейлердің есірткі заттарымен заңсыз қарым-қатынас жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуі басталды. Тергеу кезеңінде қылмыскер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Перизат Саденова
Бөлісу: