Көкшетауда әйел жүктіліктің соңғы аптасында көз жұмды

25 Желтоқсан 2023, 10:50 1356

Көкшетауда жүктілігінің соңғы аптасында болған 34 жастағы әйел қайтыс болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәліметтер бойынша оның іші ауырып, дене қызуы көтерілген. Тіпті әйелді бірнеше рет жедел жәрдем алып кеткенмен, оны құтқару мүмкін болмады. Ішіндегі баланы да аман алып қала алмады. Марқұмның артында екі баласы қалды. Әйел қаланың емханаларының бірінде есепте тұрыпты.

Ақмола облыстық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі жүкті әйелдің қайтыс болғанын растады. Олар қазір қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты.

Жел қолданушылары оның ЖРВИ-мен ауырғанын, перзентхана әйелді жүктіліктің 39-аптасында жоғары дене қызуына байланысты қабылдамағанын жазып жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: