Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында ертең бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары онлайн түрде оқиды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Ауа температурасының минус 25 градусқа төмендеуіне және жылдамдығы 28 м/с желге байланысты 15 қаңтарда Көкшетау қаласы мектептерінің бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды», - деп жазылған қалалық білім бөлімі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, дүйсенбіде Астанада ауа райының құбылуына байланысты оқушылар онлайн оқитыны айтылды.