Көкшетауда "Ақмола – есірткісіз өңір" автошеруі өтті

2 Қараша, 19:33 364

"Ақмола – есірткісіз өңір" автошеруіне 30-дан астам автокөлік пен 20 мотоцикл қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қатысушылар Бұқпа шоқысының етегінен бастап, патрульдік полиция экипаждарының сүйемелдеуімен Көкшетаудың басты көшелерімен жүріп өтті.

Акцияның шарықтау шегі "Ақмола – есірткісіз өңір" логотипі бар жалауды шаңғы жарысы бойынша спорт шеберлеріне, Әлем кубогы кезеңдерінің қатысушылары Арлан Гимаев пен Аружан Сабироваға табыстау рәсімімен аяқталды. Содан кейін флешмобқа қатысушылар символдық әрекеттер жасады: психоактивті заттарды қолдануға және олардың қоғамға теріс әсеріне наразылық білдіру үшін, есірткі мен шприц бейнеленген плакаттарды жойды.

Облыстық ПД есірткіге қарсы челлендж облыстың барлық ауданында ұйымдастырылатынын атап өтті.

Зарина Арман
Бөлісу: