Көкшетауда әкімдік 2,5 млрд теңгеге заңсыз үй салдырмақ болған

1 Наурыз, 20:42 683

Көкшетау қаласының әкімдігі құны 2,5 млрд теңгеге заңсыз үй салдырмақ болған. Бұл фактіні прокурорлар анықтаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көкшетау қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізу барысында заңсыздықты анықтады. Яғни, қала әкімдігі заңнама талаптарын бұза отырып, конкурс өткізбестен бір көзден құны 2,5 млрд теңге болатын көппәтерлі тұрғын үйді салуға шарт жасаған.

Прокуратура актісі негізінде сот аталған шартты жарамсыз деп таныды. Қаражат басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталып, кінәлі тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.

Оқи отырыңыз: 

Перизат Саденова
Бөлісу: