Көкшетауда ағайынды бауырларды соққыға жыққан 4 полицейге іс қозғалды

13 Мамыр, 14:45 953

Көкшетаулық Айгүл Әубәкірова інілері – 18 жастағы Нұрәлі мен 17 жастағы Нұржанға полицейлер шабуыл жасап, денсаулығына зақым келтіргені туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Мемлекет басшысына үндеу жолдап, әділдік сұраған. Айтуынша, полиция қызметкерлері іссапардан қайтып келе жатқанда Көкшетауға барар жолда апатты жағдай туғызған. 

Көлік тоқтағаннан кейін, күндіз форма киген "Арлан" қызметкерлер еш себепсіз оларды ұра бастаған, ал біреуін көлік салонына отырғызып алған. Інілерімді балағаттап, ұрып-соққаннан кейін орманға апарып тастаған, - деді ол. 

Қазір ағайынды бауырлардың бас сүйегі мен денесіне түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. 17 жастағы інісінің онкологиялық дерті болғандықтан шұғыл ота жасауға мәжбүр болған.

Жәбірленуші полицейлер арызын қабылдаудан бас тартқанын айтты. Екі полицейге қарсы "Бұзақылық" бабы бойынша қозғалғанымен, шын мәнінде шабуыл жасағандар саны бесеу болған.

Көкшетаулық тұрғынның үндеуіне Ақмола облысының ПД өкілдері пікір білдірді.

Полиция қызметкерлері мен екі ағайынды арасындағы жанжалға қатысты ПД қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Төрт қызметкер күдікті деп танылды. Сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді. Тергеу барысы ҚР ІІМ бақылауында, - делінген ПД ақпаратында.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Aigul’ Zhanatovna (@aigulya.zhanatovna)

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: