Көкшетауда 9 жасар қыз бөлмесінен өлі табылды

28 Тамыз, 13:25 1213

Көкшетауда көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан 3-сынып оқушысы үйде асылып қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Баланың денесін әкесі бөлмеден тауып, ауруханаға апарған. Алайда оны құтқарып қала алмады. Кішкентай қызды мұндай қадамға не итермелегені белгісіз болып отыр.

Ақмола облыстық Полиция департаменті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: