Көкшетауда 4 жасар бүлдіршін құтқарылды

3 Наурыз, 23:15 470

Көкшетауда 4 жасар бала пәтер ішінде жалғыз өзі қамалып қалған. Бұл туралы құтқарушыларға бүлдіршіннің анасы хабарласып, көмек сұраған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ақмола облыстық ТЖД мәліметінше, жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оқиға орнына дереу шықты. Олар шанц құралдарының көмегімен 10-қабаттағы пәтердің есігін ашуға кіріскен.

Пәтерге кірген құтқарушылар 2021 жылы туған баланы анасына тапсырды. Құтқарылған балаға медициналық көмек қажет болмаған.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: