Көкшетау қаласының 83 жастағы тұрғыны қазақстандық нөмір алды

6 Ақпан 2023, 14:21 1279

Көкшетау қаласының 83 жастағы тұрғыны қазақстандық нөмір алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы polisia.kz сайты мәлімдеді.

1 ақпан зейнеткер Алла Волкова ВАЗ 2107 автокөлігін заңдастыру үшін мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінген. Көліктің РФ-дағы есептен шығарылмағаны белгілі болды.

Зейнеткер қызымен бірге көрші мемлекетке барып, автокөлікті есептен шығарып, 4 ақпан күні қайтадан ХҚКО-ға жүгінді.

Өтініш берген сәттен бастап қазақстандық нөмірді алғанға дейінгі уақыт бір сағаттан аспады.

Тәртіп сақшылары әйелдерге нөмірді көлікке қоюға көмектесті. Ақмолалықтар полицейлерге алғыс білдіріп, оларға денсаулық пен жұмыстарына табыс тіледі.

EL.KZ
Бөлісу: