Климаттың өзгеруінен Мальдив аралдары су астына кетуі мүмкін бе?

5 Желтоқсан 2023, 13:40 4263

Ғалымдар теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты көптеген аралдың су астына кетуі мүмкін екенін болжады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаһандық жылыну - бұл жердегі орташа температураның жоғарылауы, оның негізгі себебі адамның іс-әрекеті, яғни өнеркәсіп пен зауыттардың жұмысы, ауаның ластануы тікелей әсер етеді. Бұл процесс XIX ғасырдың аяғынан бастап байқалады және оның жылдамдығы үнемі артып келеді. Егер жылыну процесінің қарқыны баяуламаса, онда планета жағымсыз жағдайларға тап болады: мұхит жағалауларында орналасқан қалалардың бір бөлігі су астына кетеді, аштыққа ұшырайтын адамдар саны артады, нәтижесінде өмірлік маңызды ресурстар үшін соғыс басталуы да ғажап емес. Сондықтан жаһандық жылынумен күресу - адамзат күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелердің біріне айналуы керек.  Ғалымдар жаһандық жылыну салдарынан  Дүниежүзілік мұхиттағы шағын аралдардың (атолл аралдар) су астына кетуі туралы зерттеу жүргізген.

Атолл аралдарының пайда болуы

Атолл дегеніміз - маржан аралы немесе лагунаны қоршап тұрған қатты немесе үзілген сақина тәрізді архипелаг. Дәлірек айтсақ, атолл мұхит түбіндегі биіктік, оның үстінде маржан қондырмасы бар, бұғаздармен бөлінген моту аралдар тобымен риф құрайды. Бұл бұғаздар мұхитты лагунамен байланыстырады. Егер бұғаздар болмаса, онда құрлық қатты сақина құрайды, бұл жағдайда лагунадағы су мұхитқа қарағанда тұзды болмауы мүмкін. Мұхит түбіндегі биіктік әдетте сөнген жанартаудан пайда болған конус түрінде болады.

Барлық атолл аралдары әдетте теңіз деңгейінен екі метрден төмен орналасады. Олар қоршаған тірі маржан риф платформаларынан шайылған шөгінділерден тұрады, материал біртіндеп Аралдың жағалау сызығына толқындармен төгіледі. Риф платформасы әдетте төмен толқын деңгейіне жақын орналасқан. Маржан рифтері табиғи толқындық тосқауыл ретінде әрекет ететіндіктен, олар атолл аралдарына күшті толқындардың әсерінен айтарлықтай қорғаныс береді. Дегенмен, атолл аралдары мезгіл-мезгіл қатты толқындармен су басады, бұл жағымсыз су тасқынына және тіпті аралдардың толық су тасқынына әкеледі.

Теңіз деңгейі көтерілген сайын атолл аралдарындағы су тасқыны жиірек және экстремалды болады деп күтілуде. Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық топ (IPCC) жақында теңіз деңгейі 2100 жылға қарай олардың "аралық шығарындылар сценарийіне"сәйкес 0,44-0,76 метрге көтеріледі деп болжады. 2018 жылы жарияланған зерттеу теңіз деңгейінің көтерілуі осы ғасырдың ортасына қарай атолл аралдарының көпшілігін адам тұрмайтын етіп өзгертуі мүмкін деп болжайды.

Осындай аралдардардың тұрғындары климаттың өзгеруіне байланысты басқа аймақтарға көшуге мәжбүр болады. Теңіз деңгейінің көтерілу қаупін азайту үшін кейбір атолл аралдары одан әрі су тасқынының алдын алу үшін жағалау қорғанысын салады. Бұл Мальдив аралдарының астанасы Мале сияқты халқы көп атоллдар үшін әдепкі нұсқа. Бірақ жағалауды қорғау қымбат және теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты үнемі күтімді қажет етеді. 

Қандай аралдар су астында қалуы мүмкін?

Мальдив аралдары, Тувалу және Маршалл аралдары сияқты Маржан атоллдарында (лагунаны қоршап тұрған қатты немесе жыртылған сақина тәрізді аралдар) шамамен 1 миллион адам тұрады. Бұл аумақтардың теңіз деңгейінен биіктігі бір метрден аспайды, бұл оларды мұхиттағы су деңгейінің көтерілуіне байланысты жойылып кету қаупі бар жерлердің біріне айналдырады.

Осыған қарамастан, қай аралдың қай уақытта және қандай жылдамдықпен су астына кететінін есептеу мүмкін емес. Бұл парадоксты төрт аумақтың мысалында көрсетуге болады.

Манаду, Мальдив аралдары

Ғалымдарда бір-бірінен алыс орналасқан көптеген аралдардың биіктігі туралы нақты мәліметтер жоқ. Алайда, бұл ақпараттар бар болған күннің өзінде  қашан суға кететінін болжауға мүмкіндік бермейді.

Global Climate Forum КЕҰ зерттеушісі Джеронимо Гуссманн былай деп түсіндіреді:

Атолл аралдары өте динамикалық обьектілер. Олар үнемі пішінін өзгертіп тұрады: олар тез өсіп, тіпті біріктіре де алады, - дейді ол.

Мальдив архипелагындағы Манаду аралын зерттеу нәтижесі аралдың маржан рифтерінде толқындардың жылдамдығын бәсеңдететін құм жиналатындығы анықталды. Алайда, жаһандық жылыну әсерінен әлемдік температура 2 градусқа көтерілетін болса, аралдағы маржандардың 99% - ы өледі. Осыдан кейін Манаду тәрізді ааралдар толқындарға төтеп бере алмай, су астына кетеді.

Рой-Намур, Маршалл аралдары

Аралдардың өмір сүруге жарамсыз болуына әсер ететін тағы бір фактор - теңіз/мұхит толқындары аралдағы тұщы жер асты суларын шайып, тұзбен толтырады. Сондай-ақ теңіз дейгейінің көтерілуінен жиі су тасқандары болады. Нәтижесінде жергілікті халық қорек етіп отырған флора мен фауна өледі, тұщы суды басқа жерден тасып әкелу керек болады.
2018 жылы ғалымдар Рой-Намур аралындағы су тасқынын талдады. Зерттеушілер 2060 жылдарға қарай (егер жаһандық климаттық мақсаттарға қол жеткізілмесе) немесе 2030 жылдарға қарай мұз қабаттары еритін болса, атоллдардың көпшілігінде ауыз су болмайды деп болжайды.

Фонгафале, Тувалу

Тынық мұхитында орналасқан Тувалудың Фонгафале аралында 4 мыңға жуық адам тұрады. 2100 жылға қарай оның аумағының 95% - ы жоғары және төмен толқын кезінде су астында қалуы мүмкін. Оның алдын алу үшін Тувалу билігі Фонгафаленің бір жағында жасанды биіктік жасады. Ұзақ мерзімді жоспар аралдың енін шамамен 50% ұлғайтуды, содан кейін екі жағын теңіз деңгейінен көтеруді көздейді.
Алайда, 2022 жылғы көптеген қауіп факторларын талдау тіпті мұндай қорғаныс шаралары аралдардың өмір сүруіне мүмкіндік бермейтінін көрсетті. Экожүйелердің бұзылуы туризмге, балық аулауға және арал тұрғындарының проблемаларды шешуді қаржыландыру қабілетіне нұқсан келтіреді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: