Қызылшадан жасалған салат

23 Қаңтар 2018, 15:48 14666

Қызылшаны ұнатасыз ба?

Қызылша мен жаңғақты, қара өрікті блендермен езіп алыңыз. Майонез қосып араластырсаңыз, салатыңыз дайын.

Қызылшаның денсаулыққа пайдасы

Қызылша дәрумендерге бай көкеніс. Құрамындағы бетаин дәрумені артық салмақтан арылуға көмектессе, екінші жағынан бауыр ауруына өте пайдалы. Қызылша асқазан мен ішек жолдарын жақсы тазалайды. Осы бір аса пайдалы көкеністі баладан бастап, егде қарттарға дейін жей беруге болады. Тағы бір артықшылығы – қызылшаны қайнатып пісірсеңіз де емдік қасиеті мен дәруменін жоғалтпайды.

Ас болсын!

Бақытгүл Абайқызы
Бөлісу: