Тырнақты лакпен бояп болған соң, оның тез кебуі үшін қолыңызды суық суға салыңыз. Үш минут ішінде тырнақтарыңыз кеуіп үлгереді.
Егер, көз бояйтын қарындашыңыз қатты жағылып, көзіңіздің айналасын ауыртар болса, оның ұш жағын біраз уақыт оттың жанына жақындатыңыз. Сонда қарындаштың ұшы жұмсарады.
Лактың қақпағы оңай ашылуы үшін, оған қарапайым резеңкені тағып қойыңыз. Сонда қақпақ оңайырақ ашылады.
Тарағыңызға сүйікті иіссуыңызды сеуіп қойсаңыз, шашыңыздан да әрдайым жеңіл, жағымды иіс шығатын болады.
Тырнағыңызды бояп жатқанда, лакты саусағыңызға да жағып алмас үшін саусағыңызға резеңке орап алыңыз.
Егер, сізде үтіктейтін тақта болмаса, киімдердің жағасына шаш «үтіктейтін» құралды пайдалануға болады.
Ерінге жағатын далабыңыз сынып қалса, оның сынған бөлігін оттыққа (зажигалка) жақындатыңыз. Содан соң, сынған бөлікті далапқа қайта жапсырып, 15-30 минутқа тоңазытқышқа қойыңыз.
Қоңыр қант, зәйтүн майы және балды қосып, ерінге арналған табиғи иісмай жасауға болады.
Көзге жағатын бояуыңыз тым жылтыр болса, оны түссіз лакқа қосып, су жаңа лак жасап алыңыз.
Таңертең еш жерге кешікпеу үшін өзіңіздің сүйікті әуендеріңізді қосып қойыңыз. Ең соңғы ән ойналып біткенше, сіз үйден шығуыңыз керек. Бұл сізді бір жағынан тәртіпке үйретсе, екінші жағынан, көңіл-күйіңізді көтереді.