Кіші Алматы өзенінде қар көшкіні болды

8 Наурыз 2023, 01:30 1131

Республика бойынша қар көшкінінің өздігінен жүруі орын алуда

Кіші Алматы өзен алабында №11 қар көшкінін жинағышында өздігінен қар көшкіні түсуі тіркелді, деп хабарлайды El.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Зерттеу барысында Кіші Алматы өндірістік бөлім басшысы ауданы шамамен 300 м3 болатын қар көшкіні өздігінен түскенін анықтады. Қардың түскен массасы «Медеу-Шымбұлақ» автожолын жауып қалды. Зардап шеккендер мен қиратулар жоқ. Жолды тазалауды «Қазселденқорғау» ММ Алматы қалалық филиалы жүргізді.

Зерттеу барысында Кіші Алматы өндірістік бөлімінің басшысы Кіші  Алматы өзені алабында көлемі шамамен 250м3 болатын №7 «Қарақаптал» көшкін жинағышында өздігінен қар көшкіні түскенін анықтады. Түскен қар массалары тау беткейінде тоқтады. Зардап шеккендер мен қиратулар жоқ. Ақпарат ескерту және өзара әрекеттесу сұлбасына сәйкес жіберілді, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Осындай жағдай 6 наурызда Катон-Қарағай ауданында 15-10-да орын алды.  «Қазселденқорғау» ММ ақпараты бойынша жергілікті маңызы бар «Согорное ауылы-Барлык ауылы» автожолында жалпы көлемі 3000 м3 қар көшкінінің өздігінен түсуі тіркелген. Зардап шеккендер жоқ. Қар көшкіні жолды толығымен жауып тастады. ЖАО күшімен жол тазаланып жатыр. Қалпына келтіру жұмыстарына «Қазселденқорғау»ММ-нің  қызметкерлері мен  техникасы барды.

EL.KZ
Бөлісу: