Кирилл Демченко: Туған ел мен туған тілге құрмет — егіз ұғым

1 Мамыр, 12:18 750

Бірлік күнінің Қазақстан аумағында бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері үшін маңызы айрықша. Орыс ұлтының өкілі Кирилл Демченко қоғамдағы мемлекеттік тіл мәртебесі елімізді мекен еткен барлық ұлт үшін өзекті екенін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап. 

Кирилл Демченко - Ақтау қаласының тумасы. Негізгі мамандығы - инженер. Бүгінде ол WestEcoPlast ЖШС кәсіпорынында басшылық қызметте. Кирилл кез келген тілді жетік меңгеруде қоғамдық ортаның маңызы зор екенін айтты. Кириллдің отбасында қазақ ұлтының тұрмыс-тірлігі мен мәдениетіне айрықша  құрмет қалыптасқан. Кирилл Демченконың айтуынша, туған ел мен туған тілге құрмет- егіз ұғым. 

Бірлігі мен ынтымағы жарасқан елде өмір сүру - мен үшін мақтан тұтарлық дүние. Қазақстанда тұрған соң, қазақ тілін ғана емес, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын да құрметтеймін. Қазақстан – ортақ Отанымыз! Еліміздің әрбір азаматы мемлекеттік тілді білуі керек. Бұл - елдігіміз бен бірлігімізді нығайта түседі. Береке-брлігіміз арта берсін, - деді Кирилл Демченко.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: