Кирилл Бауэр Универсиаданың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Италияның Турин қаласында өтіп жатқан XXXII қысқы Универсиадада биатлоншы Кирилл Бауэр қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз масс-стартта үздік үштікті түйіндеді.
Бұл біздің биатлоншылардың осы ойында қол жеткізген 3-медалі. Осыған дейін Арина Крюкова 7,5 шақырым спринтте қола медаль жеңіп алса, Никита Акимов топ жарған.
Айта кетейік, Кирилл қазір Қазақ спорт және туризм академиясының студенті. Бұл оның екінші Универсиадасы.